«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 және «Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 347 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 525 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 және «Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 347 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 525 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшада:

6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде алынатын төлем

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 2025 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616 - бабына сәйкес алынады:

1) лицензия беру - 6 айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияны қайта ресімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу қолма-қол және (немесе) төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беретін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, не ЭҮТШ арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.

».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.